Тоқтамыс батыр » "Шәкәрім атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы
Абай ауданы білім бөлімінің
"Шәкерім атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252)91437
Есепші бөлімі:
+7(7243)50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2019

Тоқтамыс батыр

«Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы» Жетінші ұрпаққа жеткен жәдігерлер Қазақ - қалмақ соғысының бас қаҺармандарының бірі, толарсақтан қан кешіп, елін, жерін ақ найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған даңқты батырларымыздың бірі – Лақаұлы Тоқтамыс. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, кейбір шежіре деректерге сүйінсек Тоқтамыс батыр 1730-шы жылдардың шамасында Әзіреттің Қаратауындағы Жылыбұлақ деген жерде туған. Тоқтамыс батырдың ерлік шайқастары Абылай ханның жасағында ерекше көзге түсіп отырады. «Тоқтамыстай ер біткен қазағыма Дұшпанының көнбей кеткен мазағына Сырдың бойын шулатып үш Ту алып, Жоңғарды талай салған азабына» Байкөкше ақын Тоқтамыс – хан күзет жасағының басшысы Абылай хан қолбасы батырлармен бірге шатырда қымыз ішіп отырған – ды. Бір мезетте қала қақпаларын сырттай торуылдап жүрген күзет жасағының басшысы - Тобықты Тоқтамыс батыр ішке кірді. Бұл қазір немере ағасы Мамай батырдың туын ұстап қалған, кейінгі жас буын арасында көзге түсіп жүрген, дәмелі жігіттердің бірі еді. Сол Тоқтамыс кірген бойда шұғыл хабар жеткізді. -Хан ием! Ішінде қала басқағы Молла Самсы бар, бір үлкен топ Ташкенттен шығып, осылай қарай беттеп келеді. Осында келіп, сіздің дәргейіңізге бас ұрмақ – деді ол ентігін баспаған күйі ханға тәжім етіп. -Келсін... Көрейік, саудагерлердің қалай сайрағанын! Абылай көңілденіп қалды. – Ал өзің жақсы хабар әкелгенің үшін хан шарасынан қымыз іш! – деп қолындағы сырлы аяқты қымызға толтыртты да, Тоқтамысқа ұсынды. -Рахмет, хан ием! Мен үшін бұдан өткен құрмет жоқ! – деп жас батыр әлдебір киелі затты ұстағандай қымыз толы шараны аузына таман апарды да, дем алмастан басына бірақ төңкерді.

«Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы»

Жетінші ұрпаққа жеткен жәдігерлер

Қазақ - қалмақ соғысының бас қаҺармандарының бірі, толарсақтан қан кешіп, елін, жерін ақ найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған даңқты батырларымыздың бірі – Лақаұлы Тоқтамыс. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, кейбір шежіре деректерге сүйінсек Тоқтамыс батыр 1730-шы жылдардың шамасында Әзіреттің Қаратауындағы Жылыбұлақ деген жерде туған. Тоқтамыс батырдың ерлік шайқастары Абылай ханның жасағында ерекше көзге түсіп отырады.

«Тоқтамыстай ер біткен қазағыма

Дұшпанының көнбей кеткен мазағына

Сырдың бойын шулатып үш Ту алып,

Жоңғарды талай салған азабына»

                                       Байкөкше ақын

Тоқтамыс – хан күзет жасағының басшысы

Абылай хан қолбасы батырлармен бірге шатырда қымыз ішіп отырған – ды. Бір мезетте қала қақпаларын сырттай торуылдап жүрген күзет жасағының басшысы - Тобықты Тоқтамыс батыр ішке кірді. Бұл қазір немере ағасы Мамай батырдың туын ұстап қалған, кейінгі жас буын арасында көзге түсіп жүрген, дәмелі жігіттердің бірі еді. Сол Тоқтамыс кірген бойда шұғыл хабар жеткізді.

-Хан ием! Ішінде қала басқағы Молла Самсы бар, бір үлкен топ Ташкенттен шығып, осылай қарай беттеп келеді. Осында келіп, сіздің дәргейіңізге бас ұрмақ – деді ол ентігін баспаған күйі ханға тәжім етіп.

-Келсін... Көрейік, саудагерлердің қалай сайрағанын! Абылай көңілденіп қалды. – Ал өзің жақсы хабар әкелгенің үшін хан шарасынан қымыз іш! – деп қолындағы сырлы аяқты қымызға толтыртты да, Тоқтамысқа ұсынды.

-Рахмет, хан ием! Мен үшін бұдан өткен құрмет жоқ! – деп жас батыр әлдебір киелі затты ұстағандай қымыз толы шараны аузына таман апарды да, дем алмастан басына бірақ төңкерді.


Похожие публикации:

19 июнь 2019 Айпара ана