Жидебай қорығы » "Шәкәрім атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы
Абай ауданы білім бөлімінің
"Шәкерім атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252)91437
Есепші бөлімі:
+7(7243)50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2019

Жидебай қорығы

Жидебай қорығы - тарихи-мәдени және әдеби - мемориалдық, экологиялық аймақ. Мемлекет қамқорлығына алынған. Семей облысы, Абай ауданы жеріңде орналасқан. 1990 ж. Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылды. Қорықтың жалпы аумағы 64 кв. км. Қорық құрамына Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі, Абай, Зере, Ұлжан, Оспан және Шәкәрім, Ахат, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукен бай, Еркежан зираттары т.б. тарихи - мәдени ескерткіштер кешені енген. Бұлардың бәрі күрделі жөндеуден өткізілді. Жидебай қорығы. облыстық, республикалық туристік саяхат жасайтын қасиетті орынға айналдырылған.[1] Жидебай –Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен. 19 ғасырдың орта тұсында Жидебай, Борсықбай, Барақты - аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. Құнанбай Жидебайдан 15 шақырым жердегі Ескі Там қонысына медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай 8 жасынан бастап осы медреседе оқып сауат ашқан. 1880 ж. Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдырған. Құнанбай қажы дүние салған соң, 1885-91 ж. Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне тиген. 1891 ж. інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абай иелігіне көшкен. Қазір мұнда ақынның мұражай-үйі жұмыс істейді. Жидебай Еуразия материгінің орталығы, нақ ортасы болып есептелед

Жидебай қорығы - тарихи-мәдени және әдеби - мемориалдық, экологиялық аймақМемлекет қамқорлығына алынған. Семей облысы, Абай ауданы жеріңде орналасқан. 1990 ж. Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылды. Қорықтың жалпы аумағы 64 кв. км.

Қорық құрамына Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі, Абай, Зере, Ұлжан, Оспан және Шәкәрім, Ахат, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукен бай, Еркежан зираттары т.б. тарихи - мәдени ескерткіштер кешені енген. Бұлардың бәрі күрделі жөндеуден өткізілді. Жидебай қорығы. облыстық, республикалық туристік саяхат жасайтын қасиетті орынға айналдырылған.

Жидебай –Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен. 19 ғасырдың орта тұсында Жидебай, Борсықбай, Барақты - аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. Құнанбай Жидебайдан 15 шақырым жердегі Ескі Там қонысына медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай 8 жасынан бастап осы медреседе оқып сауат ашқан. 1880 ж. Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдырған. Құнанбай қажы дүние салған соң, 1885-91 ж. Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне тиген. 1891 ж. інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абай иелігіне көшкен. Қазір мұнда ақынның мұражай-үйі жұмыс істейді. Жидебай Еуразия материгінің орталығы, нақ ортасы болып есептеледі.


Похожие публикации:

19 июнь 2019 Айпара ана
19 июнь 2019 Кеңгірбай би