Сарыкөл » "Шәкәрім атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы
Абай ауданы білім бөлімінің
"Шәкерім атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252)91437
Есепші бөлімі:
+7(7243)50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
июнь
2019

Сарыкөл


 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып отырған соңғы жылдары айрықша ірі, көрнекті ескерткіш – Шыңғыстау Сарыкөліндегі түркілік кешен зерттелді.
Ескерткіш 1999-2004 жылдары бірнеше рет барлаудан және алдын-ала жүргізілген шектеулі қазба жұмыстарынан өткен болатын. Барлау Сарыкөлдегі түркі кешенінің ерекше ескерткіш екенін көрсетті және бұл іске З.С.Самашев бастаған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы лайықты назар аударды.
Алматыдағы «Археология» ЖШС (жетекшісі З.С.Самашев) және Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей біріккен археологиялық жасағы Шыңғыстау археологиялық экспедициясының құрамында ескерткішті 2006-2008-жылдары – үш археологиялық маусым ішінде қазып шықты. Қазбаның алғашқы жылында Семей пединститутының ұйымдастыруымен (ол кездегі ректор – Е.Б.Сыдықов) зерттеуге Польшадағы Вроцлав университеті Археология институтының археологтар тобы (жетекшісі – Т.Плонка) қатысты.
Сарыкөл кешені 8-9-ғасырларға жатқызылды. Қазылып шыққан үш үлкен құрылыс табанында өртеп жерлеу ғұрпының белгілері мол. «Жертаға» құрылысы ашылды және ол қазылып шықты. «Жертаға» - алдында тас қаламасы бар тас мүсінді алдынан және екі жағынан тең қашықтықта қоршап иқазылған қасиет орны. «Жертаға» таспасының қазылған ені – 70 см. Тереңдігі – 18 см. Табаны дөңгелене біткен. Мұнда жерлеу және еске түсіру ғұрпына сәйкес ұзақ уақыт үзбей от жағылып, маңында түрлі рәсімдер өткен. Конструкцияның мінсіз болуы «таға» келбетінде мүсінді қоршаған осы қасиет орнының жоспар бойынша жасалғанын, ғұрып тұрақтылығын көрсетеді.
Зерттелген түркі кешенінде қабырғаларды тұрғызу, құрылыстың бетін жабу, сынтас-балбалдарды орналастыру, құрылыс шетінде құрбандық орындарын белгілеу секілді жерлеу-еске түсіру ғұрпының көптеген көріністері ашылды.
Заттық материал 2003-жылы табылған алтын құман, заттар жиынтығымен қатар кешеннің екінші құрылысынан 2008-жылы алынған алтын жалатқан күміс – екінші құманмен толықты.
Сарыкөлдегі түркі кешенін қазып-зерттеу түркілік ескерткіштер түсініктемелерімізді жан-жақты тереңдетті. Құрылыс өнері, жерлеу ғұрпы, еске түсіру орындары, рәсімдік заттар - бірнеше зеттеу бағыттарына қатысты мағлұмат жиналды. Осының бәрі түркілік мәдениеттің жаңа бір танымдық биіктерін елестетуге септігін тигізеді.

Похожие публикации:

19 июнь 2019 Кеңгірбай би