Айпара ана » "Шәкәрім атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы
Абай ауданы білім бөлімінің
"Шәкерім атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252)91437
Есепші бөлімі:
+7(7243)50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2019

Айпара ана


Орта жүз Тобықты ішіндегі Олжай батырдан Айдос Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айпара ана – Айдостың бәйбішесі. Айдос өте момын адам екен. Ал Айпара ана сол ауылды билеген беделді, ақын ана болған екен. Айпара ана жөнінде ел арасында мынадай аңыз таралған. 1723 жылдың жаугершілік кезінде Тобықты елі оңтүстікке қарай үдере көшеді. Жолда олар ашығып-арып әбден әбігершілік көреді. Кеше ғана көшіп кеткен бай ауылдың ескі жұртына жетсе, бір ақсақ түйе шөгіп жатады. Ауыл адамдары ол түйені союға бата алмай жүреді. Айпара «іздеп келгендерге өзім жауабын беремін» дейді де, түйені сойғызып, қырық жілік қылып, ашығып келе жатқандарға бөліп бермек болғанда «іздеушілер келе жатыр» дегенді есітіп еді. Айпара дереу түйенің етін терісіне орап, ошақ басына көмеді де, оның үстіне күрке тігіп алады. Күркенің оң жағына шалын өлген адамға ұқсатып жатқызып бүркеп тастайды. Іздеушілер келе бергенде, шалын жоқтап дауыстайды. Әлгілер қаралы үйді тінтуге батылы бармай, басқа үйлерді қарап, түйесінің етін таба алмай қайтып кетеді. Сөйтіп Айпараның ақыл-айласымен ашыққан ауыл адамдары түйенің етін бөлісіп жеп, ашытықтан аман қалыпты деседі. Айдос пен Айпараның Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай деген төрт ұлдары болады. сол Айпара балалары жайлы: Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым, Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым, Әрі де кетпес, берді де кеспес Топайым, Сірә да, оңбас Торайым...., деген екен. Шындығында, ана балаға – сыншы. Кейіннен оның осы болжамы шындыққа сайғанын көруге болады. Айпара ана туралы неғұрлым толық мәлімет «Тобықты – Шыңғыстау шежіресінде» берілген. Айпара ана бейнесін толық ашуға мүмкіндік беретін бірден-бір материал болғандықтан сол еңбектегі деректерді барынша толық беруге тырыстық: Олжайдың балалары Айдос, Қайдос, Жандос – «Үш Олжай» аталады. Олар ұзақ уақыттар бойы қоныс-өрісі түгел еншісі бөлінбеген ынтымақты туыс болыпты. Үш Олжайдан Жандос, Ырғызбай, Бөкенші, Борсақ, Көтібақ, Топай, Торғай сынды батырламен, жығасы жығылмаған тобықтының аруақты биі Кеңгірбай, Құнанбай, Абай, Шәкәрім сияқты бай, байымды ел азаматтары көп шыққан. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» басталғанда Олжай балары жас жігіттер екен. Үш Олжайдың шежіресін жинап қалдырған әкесі Әрхам Кәкітай ұлының мол жазбасын жетілдіріп жүрген ұстаз, шежіре қарт Мінәш Әрқамқызы Искакова өзінің деректі естеліктерінде: «Айдос бабам орасан қара күш иесі, балуан болса да, қолына найза ұстап жауға шаппаған, көзге түсіп даудамайға билік айтпаған, ауыр мінезді, сабырлы жан екен: Ағайынды үш жігіттің біреуі Қайдос батыр қан майданда шейіт болып, артында Бөкенші, Шегедек деген жас балалары қалады. Жаумен көше соғысып келе жатқан жұрт тағы ілгері жылжығанда екі баласын алып Қайдостың жесірі Айсана елге ермей қояды. Оларды көш жаңа орынға аялдағанда барып жоқтайды. Оны білісімен Айдостың бәйбішесі Айпара қайнысы Жандосты ертіп алып, Қайдостың балаларын іздеп барса абысыны өзі жарасқан сартпен қалған екен. Еркімен өзі ермейтінін, балаларды бермейтінін білген соң олар екі баланы ұрлап алып қашады. Ұзап шыққан қайтар жолда Жандос айналсоқтап «ішім ауырып тұр» деп жатып алады. намысқой қайнысының «ауруы» не екенін сезген Айпара «Дертіңнің не екенін білемін. Басыңды көтер, беліңді бу. Сені ертең бесінге дейін осы жерде күтемін» деп ерттеулі атын көлденең тартып, ақ батасын беріп аттандырады. Үнсіз ұғысқан Жандос келесі күні айтқан кезі – бесінде жау қолына қалған жеңгесі мен сарттың басын кесіп, қанжығасына байлап келгенде жесір намысын жібермей, ұрпағының бетіне түсер өсектен құтқарған қайнысы Жандостың ерлігіне риза болып, «Жігіт-ақ екенсің» деп аналық құшағына басқан екен», - деп жазады. Жандосты Айпара жеңгесі де, ауылдас ағайындар да «жігіт, жігіт-ақ» деп жүріп, оның жігітек деп аталып кеткенін айтады».

Орта жүз Тобықты ішіндегі Олжай батырдан Айдос Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айпара ана – Айдостың бәйбішесі. Айдос өте момын адам екен. Ал Айпара ана сол ауылды билеген беделді, ақын ана болған екен. Айпара ана жөнінде ел арасында мынадай аңыз таралған. 1723 жылдың жаугершілік кезінде Тобықты елі оңтүстікке қарай үдере көшеді. Жолда олар ашығып-арып әбден әбігершілік көреді. Кеше ғана көшіп кеткен бай ауылдың ескі жұртына жетсе, бір ақсақ түйе шөгіп жатады. Ауыл адамдары ол түйені союға бата алмай жүреді. Айпара «іздеп келгендерге өзім жауабын беремін» дейді де, түйені сойғызып, қырық жілік қылып, ашығып келе жатқандарға бөліп бермек болғанда «іздеушілер келе жатыр» дегенді есітіп еді. Айпара дереу түйенің етін терісіне орап, ошақ басына көмеді де, оның үстіне күрке тігіп алады. Күркенің оң жағына шалын өлген адамға ұқсатып жатқызып бүркеп тастайды. Іздеушілер келе бергенде, шалын жоқтап дауыстайды. Әлгілер қаралы үйді тінтуге батылы бармай, басқа үйлерді қарап, түйесінің етін таба алмай қайтып кетеді. Сөйтіп Айпараның ақыл-айласымен ашыққан ауыл адамдары түйенің етін бөлісіп жеп, ашытықтан аман қалыпты деседі.
Айдос пен Айпараның Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай деген төрт ұлдары болады. сол Айпара балалары жайлы:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, берді де кеспес Топайым,
Сірә да, оңбас Торайым....,
деген екен. Шындығында, ана балаға – сыншы. Кейіннен оның осы болжамы шындыққа сайғанын көруге болады.
Айпара ана туралы неғұрлым толық мәлімет «Тобықты – Шыңғыстау шежіресінде» берілген. Айпара ана бейнесін толық ашуға мүмкіндік беретін бірден-бір материал болғандықтан сол еңбектегі деректерді барынша толық беруге тырыстық: Олжайдың балалары Айдос, Қайдос, Жандос – «Үш Олжай» аталады. Олар ұзақ уақыттар бойы қоныс-өрісі түгел еншісі бөлінбеген ынтымақты туыс болыпты.
Үш Олжайдан Жандос, Ырғызбай, Бөкенші, Борсақ, Көтібақ, Топай, Торғай сынды батырламен, жығасы жығылмаған тобықтының аруақты биі Кеңгірбай, Құнанбай, Абай, Шәкәрім сияқты бай, байымды ел азаматтары көп шыққан.
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» басталғанда Олжай балары жас жігіттер екен.
Үш Олжайдың шежіресін жинап қалдырған әкесі Әрхам Кәкітай ұлының мол жазбасын жетілдіріп жүрген ұстаз, шежіре қарт Мінәш Әрқамқызы Искакова өзінің деректі естеліктерінде: «Айдос бабам орасан қара күш иесі, балуан болса да, қолына найза ұстап жауға шаппаған, көзге түсіп даудамайға билік айтпаған, ауыр мінезді, сабырлы жан екен: Ағайынды үш жігіттің біреуі Қайдос батыр қан майданда шейіт болып, артында Бөкенші, Шегедек деген жас балалары қалады.
Жаумен көше соғысып келе жатқан жұрт тағы ілгері жылжығанда екі баласын алып Қайдостың жесірі Айсана елге ермей қояды. Оларды көш жаңа орынға аялдағанда барып жоқтайды. Оны білісімен Айдостың бәйбішесі Айпара қайнысы Жандосты ертіп алып, Қайдостың балаларын іздеп барса абысыны өзі жарасқан сартпен қалған екен.
Еркімен өзі ермейтінін, балаларды бермейтінін білген соң олар екі баланы ұрлап алып қашады. Ұзап шыққан қайтар жолда Жандос айналсоқтап «ішім ауырып тұр» деп жатып алады. намысқой қайнысының «ауруы» не екенін сезген Айпара «Дертіңнің не екенін білемін. Басыңды көтер, беліңді бу. Сені ертең бесінге дейін осы жерде күтемін» деп ерттеулі атын көлденең тартып, ақ батасын беріп аттандырады. Үнсіз ұғысқан Жандос келесі күні айтқан кезі – бесінде жау қолына қалған жеңгесі мен сарттың басын кесіп, қанжығасына байлап келгенде жесір намысын жібермей, ұрпағының бетіне түсер өсектен құтқарған қайнысы Жандостың ерлігіне риза болып, «Жігіт-ақ екенсің» деп аналық құшағына басқан екен», - деп жазады. Жандосты Айпара жеңгесі де, ауылдас ағайындар да «жігіт, жігіт-ақ» деп жүріп, оның жігітек деп аталып кеткенін айтады».


Похожие публикации:

19 июнь 2019 Кеңгірбай би