Базаралы мазары » "Шәкәрім атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы
Абай ауданы білім бөлімінің
"Шәкерім атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252)91437
Есепші бөлімі:
+7(7243)50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
июнь
2019

Базаралы мазары

Базаралы Қауменұлы (1833-87) - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам. Руы -Тобықтыішінде Жігітек. Абай оны билеуші топтан жапа шеккен халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ешкімнің ызғарынан ықпай, қарсы тұрған өжеттігі, ер мінезі үшін құрмет тұтқан. Құнанбай Базаралыны Жігітек руының көп адамымен бірге қылмысқа тарттырып, інісі Балағазбен қосып итжеккенге айдатып жіберген. Балағаз сонда өлген. Базаралы1882ж. қашып келген. Құнанбай тұқымымен қайта жауласып, бір түнде Тәңірбердінің бір үйір жылқысын шауып алып, қырып тастайды. Базаралы айдаудан қайтқанда, амандасуға барған бір топ кісінің ішіндеКөкбай ақында болады. Сөз реті келгенде Көкбай:

«Алашқа абыройың әлі дардай,

Келбетің қырық пұт тартқан қара нардай.

Сипаттап бұдан дағы айтар едім,

Тұрмын ғой жарияға жарай алмай», -

дейді. Сонда Базаралы«Айтайын десе Абайдан, айтпайын десе менен именіп түр екен. Сенің осың бәрінен артық болды», - деп, ризашылығын білдіреді. Бұдан Абайдың Базаралы бойындағы кейбір қасиеттерін ұнатпайтыны, сондықтан да Көкбай ақынның Базаралыны бастан-аяқ түгелдей мақтауға жүрегі дауалай алмай тұрғаны көрінеді. Базаралының ерлігі, сын-сипатыМ. Әуезовтің«Абай жолы»романында жан-жақты суреттелген. Базаралының сүйегі Көлденең қыстағына қойылған.

 


Похожие публикации:

19 июнь 2019 Айпара ана
19 июнь 2019 Кеңгірбай би