Шыңғыстау
Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Шығыс Қазақстан облысының Абай , Аягөз аудандары аумағында. Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры , оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр. Абсолюттік биіктігі 1000 – 1100 м, ең биік жері –